Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, тұман түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, тұман түседі

09.03.2016
Ауа райы: Еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, тұман түседі

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, бұрқасын мен жел күтіледі, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен. 

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші секундына 18-23 метр болады.

Ақтобе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып,  желдің күші секундына 15-20 метрге  күшейеді.

Жамбыл, Қарғанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, түнде жел күші секундына 15-20 метр болады.

Шығыс Қазақстан облысының  кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейіп, түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр болады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде де тұман болуы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз бұрқасын күтіледі.

Хабарламаларға жазылу