Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне биыл – 40 жыл. Сондықтан, әнші үшін биылғы жыл зор мәнге ие.
Бүгін Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында әншінің «Көктем шақырады» атты мерейтойлық концертін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 20:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Шығармашылық кеш «Астана» эстрада симфониялық оркестрінің қолдауымен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Аблаев.
Мерейтойлық концертте Роза Рымбаеваның кіші ұлы Мәди де ән шырқайды.
Айта кетейік, концертті бүгін сағат 20:00-де Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді.