Алматыдағы Балуан Шолақ спорт сарайында үшінші рет ұйымдастырылған футзалдан «Еременко кубогы – 2016» турнирі бүгін аяқталады.
Кеше турнирдің жартылай финал ойындарында «Астана-Тұлпар» ресейлік «Никарс» командасынан ұтылса, «Қайрат» клубы «Синара» командасын ұтқан еді.
Бүгін финалда қазақстандық «Қайрат» клубы мен латвиялық «Никарс» командасы ойнайды.
«Қайрат» пен «Никарс» арасындағы финалдық ойынды кешкі сағат 17:55-те «Қазақстан» Ұлттық телеарнасыан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.