Алпамса денелі және періште мінезді, кең пейілді жан - Тайлақ өз анасынан артық шеше Жер бетінде жоқ деп санайды.
Ұялшақ «періштенің» бойдақ өмірімен қоштастырғысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп, Алматыға келеді.
Келін іздеу барысында ол, оған өз көңілін білдіре бастаған Нияздың отбасымен танысады.
Осы кезде Тайлақ көрікті Айшамен танысады. Осы бір көңілді оқиға қос тоймен аяқталады. Фильмде басты рөлдерді Әмина Өмірзақова, Шолпан Алтайбаева, Бибігүл Төлегенова сомдайды.