Астанада Қазақстан-Испания бизнес форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстан-Испания бизнес форумы өтті

25.04.2016
Астанада Қазақстан-Испания бизнес форумы өтті
Атырау қаласының ең өзекті мәселелерінің бірі – су проблемасы жақын жылдары толықтай шешімін табады. Қазақстан мен Испания тарабы осындай келісім шарт жасасты.

Қос тараптың қолы қойылып, мөрі соғылған бұл құжат Атыраудың күрмеуі шешілмей келген түйткілді проблемасының түйінін тарқатпақ. Қаладағы су құбыры мен кәріз желілері әбден ескіріп, тозығы жеткен. Оны қалпына келтіріп, жаңарту үшін қыруар қаржы қажет. Испанның инвесторлары соңғы технологияның игілігімен істің иінін таппақ.

Хабарламаларға жазылу