Күлкі – өмірдің кілті. Гелатология (күлкіні зерттейтін ғылым) күлкі адам өміріне айтарлықтай игі ықпал етеді, дейді.
Елімізде танымал әзіл-сықақ театрлары көп емес. Солардың арасындағы Тұрсынбек Қабатовтың «Әзіл әлемі» театры көпшілікті күлкіге қарық қылып жүрген отау.
Өмірден алынған шынайы әзілдер, оның ішінде ауылдағы ағайын, ерлі-зайыптылар арасында кездесетін түрлі жайттар, қалалықтардың өмірі сынды тақырыптағы сықақ әңгімелер кімді де болса қызықтырары хақ.
Бүгін 21:00-де «Әзіл әлемінің» жаңа бағдарламасын Ұлттық арнамен бірге тамашалай аласыздар.