ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Рахилям Машурова 1946 жылы Алматыда дүниеге келген. Мемлекеттік Құрманғазы атындағы консерваторияның театр факультетінің актерлік бөлімін бітірген.
1968 жылы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрының актерлік тобына қабылданған, содан бергі шығармашылық ғұмыры осы қара шаңырақпен тығыз байланысты.
Театр сахнасындағы тұсаукесері Ә. Тәжібаевтың «Майрасындағы» Айбарша рөлі. Содан бері өнер сахнасында 70-тен астам рөл сомдаған.
Актриса бүгін 21:00-да «Дара жолда» қонақта.