Құсбегілердің қырандарына чип орнатылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құсбегілердің қырандарына чип орнатылып жатыр

04.03.2016
 Құсбегілердің қырандарына  чип орнатылып жатыр

Қазақстан бойынша ресми тіркелген 270 бүркіт бар екен. Оларға құжат беру жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда әрбір құсқа чип орнату жұмыстары жүріп жатыр.

Саятшы Ерлан Кенжетаевтың қолында  3 бүркіт пен 2 қаршыға бар. Саятшылықты жанына серік еткеніне 5 жыл болыпты. Құс салып, аң аулағанды жаны сүйеді. Бүркітті күтіп, баптауға ерекше көңіл бөледі.  Оның айтуына қарағанда, бүркітке  чип орнату аңшы қаруына  рұқсат еткенмен бірдей дүние.

«Бір жерде жүргенде тексеретіндер болса, тек чиппен қарап тексереді ғой. Құсқа қатысты   деректердің барлығы  чибінде жазылып тұрады. Сол үшін керек. Шетелге шығу үшін, шекарадан  өту үшін, бір жерге жарыстарға шақырып жатса осы чиптің пайдасы тиеді», -дейді саятшы.

Чип бүркіттің кеудесіне шприц арқылы орнатылады. Бұл қондырғы болмаса, бүркіт заңсыз алынған болып есептеледі. Жазасы жеңіл емес. 1 миллион теңге айыппұлдан бастап, 2 жыл бас бостандығынан айырылу мүмкін.

«Қансонар» қоғамдық бірлестінің  Астана қаласы  бойынша атқарушы  директоры  Владимир Земблевский бұрын саят құстарына сақина  салынғанын,  ол құсқа  зиян екенін айтты. «Бұрын біз бүркіттерге сақина салатынбыз. Оның құсқа зақым келдіру ықтималдылығы жоғары. Қажайды. Суық, аязды күндері металдан жасалған бұйым кері әсер етеді. Ал чиптің еш зияны жоқ. Көлемі шағын. Халықаралық талапқа сай. «Ситиз» деген ұйыммен бекітілген»-деді ол.

Хабарламаларға жазылу