Әлемдегі ең өнерлі балалар бестігі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі ең өнерлі балалар бестігі (ВИДЕО)

04.03.2016
Әлемдегі ең өнерлі балалар бестігі (ВИДЕО)

 Бүгінде ерекше қабілетімен талайды таңқалдырып, көпшілікті өздеріне тәнті еткен бүлдіршіндер көп. Олардың бірі әнші, бірі биші болса, ендігісі асқан білімімен ерекшеленеді.

«Таңшолпан» бағдарламасы әлем назарына іліккен кішкентай «жұлдыздар» бестігін ұсынады.

Теріс қарап тұрып, cүтті тоңазытқышқа дәл көздеп сала аласыз ба? 6 жастағы австралиялық бүлдіршін Райли Дэшвуд үшін бұл трюкті жасау түкке тұрмайды. Кішкентай Райлидің шеберлігін шыңдауға әкесі көмектеседі. Ол үздіксіз жаттығудың арқасында бүгінгідей нәтижеге жеткен. Осылайша, ғаламтор пайдаланушыларының назарына бірден ілікті.

Ал, музыканың ырғағына сай қимылдау - жылдамдық пен ерекше талғамды қажет етеді. Бұл қасиеттер Диана Егорованың бойында тоғысқан. Ол хип-хоп биімен үш жастан бастап айналысады. Лос-Анджелес пен Нью-Йорк қалаларына барып, көпшілікке өз өнерін дәлелдеп қайтқан.

Ерекше балалардың тізімін 9 жастағы Полтава тұрғыны, гимнастшы Эмили Москаленко және опералық әндердің орындаушысы Амира Виллигхаген жалғастырады. 

Толығырақ «Таңшолпаннан» тамашалаңыз. 

Хабарламаларға жазылу