Сыйлық жасау – адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасын білдіреді. Ағылшындарда мынадай сөз бар: «Кім сыйлық жасай біледі, сол өмір сүре біледі».
Сыйлық – оны алушыға да, сыйлаушыға да қуаныш сыйлайды. Бастысы, сыйлықты кімге, қалай және қашан сыйлауды білу керек. Кейбір сыйлықтарды сыйлаудың белгілі бір мәдениеті, дәстүрі бар.
Сіз сыйлықты тек мереке күндері сыйлайсыз ба? Сыйлық таңдағанда неге мән бересіз?
Әрқашан сыйлық жасауды үрдіске айналдырған бас кейіпкерлер бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» студиясында қонақта.