Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 2015 жылы қаржылық заңбұзушылыққа көп жол берген ведомстволарды атады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 2015 жылы қаржылық заңбұзушылыққа көп жол берген ведомстволарды атады

03.03.2016
Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 2015 жылы қаржылық заңбұзушылыққа  көп жол берген ведомстволарды атады

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин 2015 жылы қаржылық заңбұзушылыққа ең көп жол берген ведомстволарды атады.

«2015 жылы анықталған қаржылық заңбұзушылықтардың басым бөлігі Білім және ғылым министрлігіне тиесілі болды, онда жалпы заңбұзушылық сомасы 39,5 миллиард теңгені құрап отыр. Бұдан бөлек, Мәдениет және спорт министрлігінде анықталған заңбұзушылық - 13,6 миллиард теңгені, Ауыл шаруашылығы министрлігіндегі заңбұзушылық 12,4 миллиард теңгені құрады», - деді Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.

Хабарламаларға жазылу