«Айтуға оңай...» «Алғыс айту күні» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...» «Алғыс айту күні»

01.03.2016
«Айтуға оңай...» «Алғыс айту күні»

Алғыс айту күні бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрмет күні.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, оларды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

Елбасының Жарлығы бойынша 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланды. Осыған орай бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» ҚХА құрылған күні өзге этнос өкілдерінің басын қоспақ. Толығырақ...

 

Хабарламаларға жазылу