
Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне – 40 жыл. Сондықтан, әнші үшін биылғы жыл зор мәнге ие.
8 наурызда Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайында әншінің «Көктем шақырады» атты мерейтойлық концерті өтпек.
Шығармашылық кеш «Астана» эстрада симфониялық оркестрінің қолдауымен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі – ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері Александр Аблаев.
Айта кету керек, концертті Ұлттық арна тікелей эфирде көрсетеді.
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/107218/)