Қазақ эстрадасының танымал әншісі Гүлнұр Оразымбетова Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Қызылорда мемлекеттік университетін бітірген. 2000 жылы «Жас қанат» әншілер байқауында 1-ші орынды, сол жылы «Азия дауысы» халықаралық байқауындағы «Қазақстанның жаңа әндері» байқауында III орынды, 2001 жылы Болгарияда өткен 10-шы халықаралық музыкалық фестивалінде III орынды иеленді.
Оның репертуарында Р.Таймановтың «Қоркыт-қобыз», Б.Оралұлының «Толғау», С.Жолбарыстың «Сағынышы» мен «Ойлаймын сені», С.Сыздықовтың «Қоштасу», т.б. қазақ халық және қазіргі композиторлардың әндері бар.
Әншінің «Айналайын, атамекен - ақ мекен!» атты шығармашылық кешін бүгін Ұлттық арнадан сағат 21:00-де тамашалай аласыздар.