Азамат Сатыбалды: Түскен киноларымның, ойнаған спектакльдерімнің санын санамаймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азамат Сатыбалды: Түскен киноларымның, ойнаған спектакльдерімнің санын санамаймын

26.02.2016
Азамат Сатыбалды: Түскен киноларымның, ойнаған спектакльдерімнің санын санамаймын

Еліміздегі қай арнаны ашсаңыз да Азамат Сатыбалдының хабарын немесе ол түскен фильмдер, телехикаялар көрсетіліп жатады. Түскен ұсыныстарға қаншалықты талғаммен қарайтынын актер: «Осымен 4 жылдың көлемі болды. Мен жылына бір фильмге, бір телехикаяға түсіп, бір ғана бағдарлама жүргіземін. Одан артыққа барған емеспін. Телехикаяға түсерде алдымен оның сценарийіне көз жүгіртемін, режиссерін, қандай бағыттағы туынды екенін білуім керек, тек содан кейін ғана келісім беремін. Кино да сондай»,-дейді.

«Қазір бір аптадай болып қалды, жаңа спектакль дүниеге келді. «Қоштасқым келмейді» деген. Режиссері – Асхат Майемеров. Жаңа бағыттағы отбасылық құндылықтарға арналған туынды. Бір отбасы тіршілігі арқылы көптеген мәселелер көрсетіледі. Мен басты рөлде ойнадым».

«Мен түскен киноларымды, ойнаған спектакльдерімді санамайтын актерлердің қатарынанмын. Есепті зейнетке шыққаннан кейін беру керек сияқтымын».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу