Алматы облысының кәсіпкерлеріне төмен мөлшерлемемен несие беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысының кәсіпкерлеріне төмен мөлшерлемемен несие беріледі

25.02.2016
Алматы облысының кәсіпкерлеріне төмен мөлшерлемемен несие беріледі

Шағын және орта өнеркәсіпті қолдауға «Даму» қоры мен Алматы облысының әкімдігі 3 миллиард теңге бөлді.

Бұл қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы берілетін болады. Бағдарламаға облыстың барлық аудандарына қатысуға мүмкіндік бар. Қыруар қаражат кәсіпкерлердің өндіріс орындарын дамытып, сауда айналымын молайтуға септігін тигізбек.

Несие көлемі 150 миллион теңгеден артық болмайды. Жылдық сыйақы мөлшері 7 пайыз. Айта кетейік, бөлінген қаражат «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асатын болады.

Хабарламаларға жазылу