Тыңда, дала, Жамбылды! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тыңда, дала, Жамбылды!

25.02.2016
Тыңда, дала, Жамбылды!

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық, жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Себебі, бұл кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абай, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындар, Таластан – Жалайыр Түбек, оңтүстіктен – Майлықожа, Атыраудан – Құрманғазы келген еді.

Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген.

Осы кезде жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, батасын алады.

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 170 жылдық мерейтойына орай бүгін 20:20-да «Айтуға оңай...» хабарында ерекше шығарылым.

Хабарламаларға жазылу