Қызылордада тегін киім-кешек үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада тегін киім-кешек үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды

24.02.2016
Қызылордада тегін киім-кешек үлестіретін әлеуметтік дүкен ашылды

Қайырымды жандар осы жерге келіп, артылған киім-кешектерін өткізулеріне болады. Ал, жиналған заттар сұрыпталып, дүкенге қойылғаннан кейін әлеуметтік қызмет бөлімінің тізіміне алынған отбасыларға тегін беріледі. Жоба бюджеттен тыс қаржы көздері арқылы, яғни демеушілердің көмегімен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күнге дейін жүзге жуық отбасы осындай көмек алған.

«Әр отбасын біз жеке-жеке шақырамыз. Себебі отбасылар ыңғайсызданбас үшін. Киімдер міндетті түрде жаңа болу шарт емес, бірақ таза, бүтін болсын деп сұраймыз. Химиялық тазалаумен айналысатын жер бар, бізге тегін жуып береді»,-дейді қоғамдық қордың директоры  Еркін Есіркегенұлы.

 

Хабарламаларға жазылу