Астана құрылыс саласы бойынша өткен жылы ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана құрылыс саласы бойынша өткен жылы ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді

24.02.2016
Астана құрылыс саласы бойынша өткен жылы ең жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді

Бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштерге қарағанда екі есеге жуық артық немесе 46 пайыз. Құрылыс жұмыстарының көлемі 14 пайызды яғни, 471,6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Сәрсенбі күні, 24 ақпанда Конгресс-холл сарайында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің халықпен есеп беру кездесуінде осындай мәліметтер жария етілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оның деректеріне қарағанда, өткен жылы төрт мектеп, сегіз балабақша және бес денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ Астана әкімі қалада баспана бірнеше бағыт бойынша өткізілетінін атап өтті. Олар «Қазақстандық ипотекалық компания», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Самұрық - Қазына» жылжымайтын мүлік қоры желісі арқылы және «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.

2015 жылы 15,5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді, соның ішінде 4 мың 200-і «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынды. Ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша ілкі жоба іске асырылуда. Жоба қолға алынғалы апатты жағдайдағы тұрғын үйлерде тұрып жатқан адамдарды көшіру үшін ақысыз негізде 1 мың 762 пәтер берілді. Жалпы өткен жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында азаматтарға 3 мың 200 астам пәтер үлестірілді, соның ішінде 672 пәтер жас отбасыларға берілді.

Есеп беру кездесуінде белгілі болғандай, үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін Астанада 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша қалған екі тұрғын үй кешені пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, қалада тағы да бір жоба қолға алынбақ. Ол қаланың коммуналдық кәсіпорындардың, көлік және энергетика сала қызметкерлері, басқа мекемелер мен ұйымдардың жұмысшыларына арналған арендалық қызметтік баспана.

2016 жылы елорда әкімдігі кем дегенде құрылыс саласындағы экономика өсімінің қарқынын сақтап қалуды жоспарлауда.

Хабарламаларға жазылу