Қайырымдылық әркімнің бойынан табыла бермейді бүгінде. Қым-қуыт тіршіліктің соңында жүріп, өзге тұрмақ жақынын жарылқауды ұмытып кететіндер бар.
Алайда, әлем мейірімді жандарға толы. Атағы шығып, әлемге танылмаса да үнсіз ғана ұлы істер тындырып жүрген жандар жетерлік.
Соңғы кездері елімізде де әлеуметтік желілер арқылы жеке парақшаларында #ЖақсылықЖаса хэштегімен түрлі хабарландырулар қалдырып, мұқтаж жандарға көмектесуде.
Елге қолынан келгенше көмек қолын созып, мейірім-шапағатымен бөлісіп жүрген бүгінгінің жомарт жандарын көргіңіз келсе, хабарды тамашалаңыз.