Маңдайшептік авиацияның ұшақтары алғаш рет кеше басталған «Айбалта – 2016» ірі ауқымды оқу-жаттығуы шеңберінде Шымкент және Талдықорған әуеайлақтарынан Үшарал айлағына орналасты. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес Су-25 шабуылдағыштары, МиГ-27 бомбалаушы-жойғыштарының экипаждары Семей қаласының маңындағы полигонда авиациялық соққы жасап, әрі қарай өзге шабуыл әуеайлағы Аягөзге қонады.
«Шабуыл әуеайлақтары ұшақтардың жауынгерлік жиынтығын толтыру және толық құю, сондай-ақ авиацияның іс-әрекетінің қашықтығын ұлғайту мақсатында аз уақытта тұрақтау үшін арналған. Мұның барлығы ұшу құрамынан таңсық әуеайлаққа қонуға ұшу құрамынан мұқият дайындықты, ал инженерлік-техникалық құрамнан қысқартылған құрамда ұшақтардың сапалы даярлығын қажет етеді», - деп ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов атап өтті.