«Оңтүстік Қазақстан облысы - аграрлы аймақ. Бұл салада ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар көп.
Мәселен, ауыл шаруашылығының жалпы көлемі 345 миллиард теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға артты. Республикада мақта өнімі бойынша 100 пайыздық көрсеткішті оңтүстік аймақ беріп отыр. Ал, бақша өнімі бойынша 65 пайыз, жеміс-жидек 33, жүзім 60 пайыз біздің облысқа тиесілі», деп атап өтті облыс басшысы.
Сондай-ақ, әкім егін алқаптарын әртараптандырудың арқасында ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі артып, суармалы жерлердің кеңейгенін жеткізді.
«Облыс бойынша 115 гектар жерге жылыжай салынып, жалпы жылыжайлар көлемі 1025 гектарға жетті. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 773 мың гектарға жетіп, 19,6 мың гектар суармалы жер жаңадан айналымға қосылды»,- деді Бейбіт Атамқұлов.