Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір қаласы мен аймағында индустриялды аймақ құрылатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір қаласы мен аймағында индустриялды аймақ құрылатын болады

23.02.2016
Оңтүстік Қазақстан облысының әрбір қаласы мен аймағында индустриялды аймақ құрылатын болады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен болған брифинг барысында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Ол келтірген деректер бойынша, инвестициялардың басым бөлігін (61,2 пайызын) шағын кәсіпорындар салған (254,8 млрд теңге).

«Жалпы алғанда, әсіресе дағдарыстар кезінде экономиканың тұрақтылығы шағын және орта бизнестің есебінен қамтамасыз етілетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан да, біз қазір  осы саланы дамытуға күш салып отырмыз. Бұл ретте біз облыстың әрбір қаласы мен әрбір ауданында индустриялды аймақтар құрмақпыз»,-деді облыс басшысы. 

Сонымен қатар, әкім осы уақытта өңірде 11 индустриялды аймақтың құрылып, 151 жобаның анықталғандығын атап өтті. Жобаға 163 млрд теңге инвестиция тартылып, 13 мың тұрақты жұмыс орны ашылмақ. 

Хабарламаларға жазылу