«Мен Байғали Есеналиев бастаған шығармашылық ұжымға корпорацияның атынан алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, қаржылай да өзге де көмектер көрсеткен Алматы облысының әкімшілігіне рахмет айтқым келеді. Меніңше, осы күні Ұлы даланың дүбіріндей болып, Ұлы даланың төсінде Жамбыл бабамыздың 170 жылдық мерейтойын атап өту шаралары басталып кетті. Еліміздің аймақтарында үлкен іс-шаралар өтіп жатыр.
Осындай игілікті істердің барлығы да кейінгі жастар үшін, болашақ ұрпағымыз үшін жасалып жатқан дүниелер. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы біздің еліміздің бірлігі үшін, ынтымағы үшін еңбек етіп жүрген әрбір азаматтың тарихына байланысты туынды жасауға әрдайым дайын»,-деді Н.Мұхамеджанова.