Танымал қаламгер, жазушы-журналист Бексұлтан Нұржекеев 75 жасқа толды. Оның көркем туындыларының арқауы – мәңгілік махаббат тақырыбы. Жазушы әйел жанын зерттейді. Осы жағынан сезім суреткерінің қазақ әдебиетінде ерекше қолтаңбасы бар.
«Кез келген шығармада әділдікті, тазалықты, періште уақытты жазғың келеді. оның бәрі балалық шақта ғана бар. Барлығымыз да сол балалық шақты елестете келіп, бүгінгі күнді жазасың»,-дейді жазушы.
Ол жазуға отырарда күй таңдаған емес. Немерелерінің жанында күліп-ойнап отырып та жаза береді. Жуырда жазушының «Әй, дүние-ай!» кітабы жарыққа шықты. Ол шығармаларында әйел - ұлттың, халық пен тұтас тарихтың айнасы екенін жеткізеді. Теңдік жөнінен әйел мен ердің тағдыры бір деп тұспалдайды.
«Қазақ әйелі мың түрлі болуы керек. Қазақтың азаматы да солай болуы керек. Түр-түсі, қылығы жағынан. Бірақ, таза болуы қажет. Сұлу әйел деген не? Таза әйел. Ерлі-зайыптылардың бір-бірін мәңгі жақсы көруінің негізі осы тазалықта».
Толығырақ «Таңшолпанда».