Қанша ұқыпты пайдаланылды дегеннің өзінде сатып алған жаңа үтік небәрі екі айдың ішінде қақ жинап, табаны күйіп жатады. Қақ пен күйген дақты кез келген дәріханада сатылатын гидроперит ұнтағымен тазалауға болады. Ол үшін оны ұнтақтап, бетімен ыстық үтікті жүргізіп өтесіз.
Екінші әдіс - балауыз шамын пайдалана отырып тазалау. Балауыз шамын үккіштен өткізіп, бетіне тұз сеуіп, шыт матамен жабасыз да, үстінен ыстық үтікті жүргізесіз.
Сондай-ақ, киім үтіктеу кезінде матаның ішкі жағында орналасқан зат белгісіне назар аударған жөн. Үш нүктелі үтік белгісі тұрса киімді максималды температурада үтіктеуге болады дегенді білдіреді. Екі нүкте - орташа температура, бір нүкте - ең минималды қысым. Үтіктің үстіндегі сызық белгісі киімді үтіктеуге болмайтынын білдіреді.
Күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымның бұл түрін таңдауда не нәрсеген мән берген жөн? Маман кеңесін «Бірге таңдаймыз!» бағдарламасынан біліңіз.