Жамбыл Жабаев 92 жасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаев 92 жасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды

20.02.2016
 Жамбыл Жабаев  92 жасында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды

Жамбыл Жабаев әлемнің жоғарғы заң шығарушы органдарының депутаттарының арасында жасы ең үлкені. Мұндай жағдай әлемнің ешбір елінде болмаған. Яғни, ол 92 жасында ең жоғарғы заң шығарушы орган - Қазақ КСР Жоғары кеңесінің депутаты болды.

Тарих беттерінен сонымен қатар, әйгілі қазақ композиторы, дирижер, домбыра шебері, Қазақ КСР-нің Халық әртісі (1975), КСРО-ның халық әртісі (1984), Қазақстаннық халық батыры  Нұрғиса Тілендиевтің Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылының маңында ұлы ақынмен бірге жерленгендігі мәлім. 

Бұл әйгілі композитордың соңғы тілегі болған. Жамбыл Жабаев 1945 жылдың 22 маусымында,  100 жасқа толуына 8 ай қалғанда өмірден озды. Аталған ауыл Алматыдан шамамен 60 км жердегі Ұзынағаш елді мекенінде  орналасқан.  

Хабарламаларға жазылу