Қазіргі корейлердің асханасында папты дайындаудың шамамен 40 түрлі әдісі бар және олардың атауы да тиісінше әртүрлі. Корей халқы тағамдарының ішіндегі куксу, үзбе кеспе сучэби тағамдары бұл елдің негізгі тағамдары саналады.
Оны бидай, жүгері, қара құмық және картоп ұнынан әзірлейді. Куксуды ұсақтап турап бұқтырылған етпен, көкөніспен, қызыл үгітілген бұрышпен суытылған немесе ыстық сорпамен қоса береді.
Сіз корей халқының қандай тағамын дайындай аласыз? Бүгін 12:30-да «Ас болсында» аспаздар осы елдің тағамдарын дайындаудан жарысқа түседі.