Жамбыл - Ұлы таудың төскейінде туған ұлы тұлға - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл - Ұлы таудың төскейінде туған ұлы тұлға

19.02.2016
Жамбыл - Ұлы таудың төскейінде туған ұлы тұлға

Ол түрлі жаугершілік шапқыншылықтардың жиі болып тұратын  кезі. Осы әрекеттерден әбден мазасы кеткен Ыстыбай ауылы Жамбыл тауына қашып, сол жақтан пана іздеген. Осыдан кейін перзентінің болашағын болжай білген Жамбылдың әкесі Жабай ұлының есімін осы таудың атауымен атамақ болып шешкен. Болашақта Жамбыл қазақтың әйгілі ақыны Сүйінбай Аронұлының шәкірті болады. 

70 жас Жамбылдың кемеліне келіп, рухани қайта түлеп,  шығармашылық қабілеті қайта жаңғыра түскен кезі болды. Оның өлеңдерінен кеңестік жоғары билік өкілдерінің барлығының есімдерін кездестіруге болады. Ол өз заманындағы азаматтарды эпикалық батырлар ретінде көрсете білді. Мысалы: «Калинин ақсақал» (1936), «Ежов батыр туралы аңыз» (1937), «Клим батыр» (1936), «Біздің Киров» (1939) және басқалар.  

Жамбыл Жабаевтың 90 жасы біздің көз алдымызда жаңа заман мен оның жаңа адамдарының бейнесін заманға сай сомдай білген шығыстың абыз-ақсақалы ретінде қалды. Ол Қазақстан халқы қадір тұтып құрметтейтін ең сыйлы ақындарының бірі болды. Ал, оның өлеңдері Қазақ ауылының жаңа тұрмыс-тіршілігінің  көрінісіне айналды.        

Хабарламаларға жазылу