Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін шұлықтар Еуропаға экспортталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін шұлықтар Еуропаға экспортталмақ

19.02.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында өндірілетін шұлықтар Еуропаға экспортталмақ

Jintex Global корейлық компаниясымен бірлесе жүзеге асырылған бұл жобаны аталған компания сүйемелдеп, дайын тауарды тұтынушыға жеткізуге мүдделі. Екі ай ішінде компания 200 мың жұп шұлық бұйымдарын шығарған. Қазіргі таңға, дайын өнімдерді АҚШ, Ресей, Кореяға жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде, сонымен қатар, Шығыс Еуропаға экспортқа шығару мәселесі қарастырылуда.

Оntustik.gov.kz сайты таратқан мәліметтер бойынша, фабриканың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді және тұтынушылар арасында сұранысқа ие. Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде облыстың экономикасына 1,9 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылған. Кәсіпорын толық жобалық қуаттылғына шыққан сәттен бастап 400 адамды жұмыспен қамтымақ.

Кәсіпорында Xyoung оңтүстік- кореялық құрал жабдықтары орнатылған. Капрон бұйымдарын шығаруға жергілікті өндірушілердің сапалы талшығы қолданылуда.  

Хабарламаларға жазылу