Ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін қазақ халқында «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр», «Балалы үйдің ұрлығы жатпас» деген сияқты түрлі нақыл сөз бар.
Бұдан халқымыздың баланың адамгершілік, мейірім, адалдық сынды ізгі қасиеттерді ертерек түсініп, ұрлық-қиянат жасау, өтірік айту, үлкенді сыйламау сияқты әдеттен бойын алшақ ұстауды ұрпақ санасына сәби кезінен сіңіргенін көреміз.
Баланың дүниеге деген көзқарасы өзгеше. Бала жалған сөйлемейді, кейде ересектер байқамағанды олар байқайды. Бүгін 18:15-те «Баламен бетпе-бет» хабарының жаңа шығарылымын көріңіз. Қонақта - Бекзат, Айзере, Шұғыла.