Президенттің баспасөз қызметі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік - қазақстандықтар көзімен» атты фотобайқаудың басталғанын жариялайды.
Суреттердің форматына шектеу қойылмайды, мобильдік телефондар арқылы түсірілген суреттер де қабылданады. Міндетті түрде суреттің сюжеті мен тарихы туралы аннотация болу керек. Ақорданың фейсбуктегі ресми парақшасының хабарлауынша,жеңімпазға 1 миллион теңге мөлшерінде сыйақы тапсырылады.
Екінші орын иесіне - фотоаппарат, үшінші орын алған адамға планшет беріледі. «Фотоконкурс» деп белгі салынған суреттер 18 ақпан - 18 сәуір аралығында akorda.press@gmail.com электрондық поштасына жолдануы керек. Хатта аты-жөнін және байланыс телефондарын да көрсету қажет.