25 ақпанда, сағат 18:30-да Қарағанды қаласындағы Кеншілер Мәдениет сарайында әншінің кеші өтпек.
«Дәстүрлі ән - тыңдарманы бөлек өнер. Мұндай кештерге халық кездейсоқ емес, руһани нәр алу үшін келеді. Дегенмен, оған әлі де қолдау қажет екені белгілі. Ұлттық музыкамызды дәріптесек, ұтарымыз көп болады», дейді әнші.
Сұхбат барысында Құрмаш Ыбышевтің орындауында Біржан салдың «Жалғыз арша» әнін тыңдай аласыздар.