Тістің қисық бітуінің себебі неде? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тістің қисық бітуінің себебі неде? (ВИДЕО)

19.02.2016
Тістің қисық бітуінің себебі неде? (ВИДЕО)

Қисық біткен тісін жаңа технология бойынша түзетіп жатқандарды жиі кездестіруге болады. Қаз-қатар тізілген маржандай тістер кез келген жанның ажарын ашатыны анық.

Тісті түзету екі кезеңнен тұрады. Бірі -  тоғыз жасқа дейін пластина немесе ретейнермен түзету. Екіншісі - 12 жастан асқандарға брекет қолдану.

Брекет әр адамға тісінің құрылымына қарай орнатылады. Оның денсаулыққа еш зияны жоқ. Брекеттер сапфирден, керамикадан және темірден жасалады. Тағып жүру мерзімі пациент тісінің қисықтық дәрежесіне қарай тоғыз айдан үш жылға дейін белгіленеді.

Керамикадан жасалған брекет әдемі көрінгенімен, темір конструкцияларға қарағанда тісті баяу түзетеді және жиі сынады.

Тістің қисық бітуінің себебі неде? Тісті қисаюдан сақтау үшін қандай тағамдарды тұтынған жөн? «Таңшолпаннан» біліңіз.

 

 

Хабарламаларға жазылу