Ұлттық сусынымыз қымыздың пайдасы ежелден белгілі. Тобылғы майымен ысталып, күбіде бабына келгенше пісілген қымыздың жөні бөлек. Ал, Сіз, ұнтақталған қымыз туралы естіп пе едіңіз?
Қымыз ұнтағы фармакология, косметология саласында, экстремалдық жағдайда жұмыс істейтіндер: ғарышкерлердің, су асты сүңгуірлерінің, шахтерлердің, альпинистердің тамағына қоспа ретінде пайдаланылады.
Өнімді сондай-ақ, бауыр, бүйрек, ас қорыту жүйелерінің ауруларына қарсы қолдануға болады. бүгінде бұл өнім шетелге де шығарылып жатыр.
Дәрілік қуаты аса жоғары ұнтақ туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 17:00-де «Журналистік зерттеуден» көре аласыздар.