Жергілікті полиция қызметімен танысу барысында министрге Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментіне қарасты бөлімшелердің соңғы 3 жылда жергілікті бюджет қаражатынан алынған өрт сөндіру автотехникалары көрсетілді, деп хабарлайды Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Департамен бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов департаментке қарасты бөлімшелердің жабдықталуы, өрт сөндіру және апаттан-құтқару техникаларының техникалық мүмкіндіктері жөнінде баяндады. Сондай-ақ, әртүрлі төтенше жағдайларды жою кезінде қолданатын арнайы құрал-жабдықтарды сипаттап берді. Іссапар барысында техникалық қамтамасыз ету деңгейін бұдан әрі көтеру жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Жұмыс сапарының соңында Ішкі істер министрі облыстық Ішкі істер департаменті мен Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығына облыс аумағындағы жедел жағдайдың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясындағы «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағытында нақты міндеттер жүктеді.