11 аю асырайтын отбасы туралы ертеңгі «Таңшолпанда» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 аю асырайтын отбасы туралы ертеңгі «Таңшолпанда»

05.01.2017
11 аю асырайтын отбасы туралы ертеңгі «Таңшолпанда»
  • Көз қарашығындағы дақтар мен тамырлардың жарылуын болдырмайтын жаңа емдеу технологиясы пайда болды. Көру қабілетін жақсарту туралы ертеңгі «Таңшолпанда».
  • Иммунитеттің негізгі қызметі қандай? Оны қалай көтерген жөн? Денсаулықты нығайту үшін не істеу керек?
  • Үнемі қозғалыста жүретін балаға мембранадан жасалған сырт киім қажет. Ал, қозғалысы аз бүлдіршіндерге қандай киім ыңғайлы? Қыста баланы дұрыс киіндіру тәртібі ...
  • Аманбай Нұртуған кубик-рубикті 1 минутта жинайды. Дарынды баланы ертең тікелей эфирде сынап көреміз. Бізбен бірге болыңыздар.
  • «Emil China Food» мейрамханасының бас аспазы таңғы астың жеңіл әрі тез әзірленетін түрін дайындап көрсетеді. Нағыз аспаздан дәмді әрі ерекше ас әзірлеуді үйреніңіз.
  • Корей тіліндегі ертегілер қазақ тіліне аударылды. Бұл ертегілердің тәрбиелік мәні неде? Аудармашы Дастан Ақаш тікелей эфирде қонақта. 
  • Аюлармен бір шаңырақтың астында қорықпай өмір сүруге болады. Тек қажетті тағам түрлерін әзірлеп тұрсаңыз болғаны. 11 аю асырайтын отбасы туралы ертеңгі «Таңшолпанда».

6 қаңтар сағат 07:00 – 10:00 аралығында Ұлттық арна қосулы болсын!

Хабарламаларға жазылу