Оралда шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтуде

17.02.2016
Оралда шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтуде

Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында шорт-тректен Қазақстан чемпионаты өтуде.

Жарысқа Астана қаласынан, Алматы, Қостанай, Қарағанды, Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарынан 9-13 жас аралығында барлығы жеті команда құрамында 160 спортшы қатысуда. Олар төрт жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсуде.

Біріншіліктің ашылу салтанатында БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, Батыс Қазақстан облысында шорт-тректің жақсы дамығанын атап өтті. Шынында да  құрамында батысқазақстандықтар Абзал Әжіғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев бар Қазақстан құрамасы Сочи Олимпиадасында эстафеталық сында бесінші орынды иеленген болатын. Сол секілді болашағынан үміт күттіретін спортшылардың бірі Анита Нагай Норвегияның Лиллехаммер қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында 1 мың метр қашықтықта сынға түсті.

Оралдағы шорт-тректен ҚР чемпионаты 18 ақпанда мәреге жетеді.

Хабарламаларға жазылу