«Барша Қазақ елін келе жатқан ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Отбасыларыңызға береке, амандық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Менің ұғымымдағы Наурыз мерекесі - табиғат пен тіршіліктің жаңаруы, жаңа ән мен жаңа өлеңнің жазылуы».
Наурызым келді, дала гүлденді,
Көктем ғана тұр жанарымда енді.
Бозбала асықты қырлардан үзіп,
Бойжеткенге арнап лала гүлдерді.
Өкпем жоқ, өткен-кеткенге де аса,
Қызғалдақтарым көңілді арбаса.
Көңілге мұнша бақыт сыйлар ма?!
Көктем бұл солай көктем болмаса.
Сондай-ақ, өнерпаз «Таңшолпанның» көрермендеріне «Наурыз тілек» атты жаңа әнін ұсынды.