Әскерилер міндетті зейнетақы жарнасын төлемейтін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилер міндетті зейнетақы жарнасын төлемейтін болды

16.02.2016
Әскерилер міндетті зейнетақы жарнасын төлемейтін болды

Қазақстанның әскерилері міндетті зейнетақы жарнасын төлемейтін болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі хабарлады.

1998 жылдың 1 қаңтарында қабылданған заң бойынша олар жинақтаушы зейнетақы қорына жалақыларының 20 пайызына жуығын аударып отырулары керек болатын. Бұл өзгерістер мемлекеттік органдар мен құқық қорғау саласында қызмет ететін тұлғаларға да қатысы бар. Айта кетейік, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыстан босатылған, еңбек сіңірген немесе жалпы еңбек өтілі 25 жыл, оның ішінде 12 жарым жылын үздіксіз әскерде қызмет атқарғандар толық көлемде зейнетақымен қамтамасыз етіледі.

Хабарламаларға жазылу