Отандасымыз Нұрмағамбет Нүрпейісов қар ерітетін ерекше машина ойлап тапты.
Жобасы үшін «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы арқылы Үкіметтен қаражат алған. Астана қаласының әкімдігі әзірге құрылғыны сынақтан өткізуде. Тиімділігі, қар тасуға кететін шығынды азайтады және еріген суды жеміс ағаштарына да пайдалануға болады.
Ең алдымен шыныдан өнімдер жасауды бастаған ол: «Бұрын өнертапқыш болғаныма қуансам, қазір көзқарасым өзгерді. Уақыт өте келе технологияны ойлап тауып қана қоймай, оны өндіріске енгізудің маңыздылығын түсіндім. Ал, жобаңды сату үшін маркетингті білуің керек. Сондықтан, оны да үйренуге тура келді. «Даму» бағдарламасы аясында АҚШ-қа барып білім алып, түрлі компаниялардың жұмысымен танысып қайттым», дейді ол.
Өнертапқыш енді екінші құрылғысын жасап шықпақ. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.