Астана қаласындағы нөмірі №9 «Зерде» мектебінің жоғары санаттағы ұстазы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының директоры Мәуіт Рысбеков және О.Жәутіков атындағы XII халықаралық олимпиаданың қола медаль иегері, «Жас математик» олимпиадасының І орын иегері Серікболсын Мейрам.
«Математика пәнінен өтетін жарыстарға балабақшадан бастап қатысып келемін. Барлық салаға қызығушылығым бар. Дегенмен, математика - ғылымдар патшасы болғандықтан, соған көп көңіл бөліп жүрмін. Есеп шығаруға күніне ең азы 3-4 сағат уақытымды арнаймын», дейді ол.
Мәуіт Рысбеков:
Баланың математикаға қызығушылығын ояту - өте қиын нәрсе. Біріншіден, табиғи дарын болуы шарт. Екіншіден, ұстаздың ықпалы мықты болуы керек. Қазіргі мақсат - олимпиадалық деңгейдегі кітаптар жазып, бағдарламалар ұсыну.
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.