Ақсақал соғыста қаза тапқан баласының сүйегін туған жерге әкелмекші болып, немересін ертіп жолға шығады. Шәкен Аймановтың 1966 жылы түсірген «Атамекенінде» қарт пен кішкентай баланың басынан өткен хикаясы осылай басталады. Бұл фильмге биыл – 50 жыл. Сценарийін Олжас Сүлейменов жазған, басты кейіпкер рөлінде Елубай Өмірзақов ойнады.
«Атамекен» - атамекен, туған жер, Отан деген ұғымдарды осы тақырып аясында өте ауқымды, үлкен шеберлікпен алып шыққан фильм. Фильмнің мазмұнынан көптеген жайттардың астарын көруге болады»,-дейді кинотанушы Гүлзат Көбек.
Пойызбен ұзақ жол жүрген ата мен немере орыстың археолог шалы мен келінін, сарбазын кезіктіреді. Алайда, ақсақал діні, тілі бөлек деп, серіктерін бауырына тартпайды. Мұндай көріністерді мінезді қарттың қимыл-қозғалысынан анық аңғаруға болады.
Қарт баласының қабіріне жете алмаса да, аманатты немересі Баян орындайды.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.