«Сөздің пірі – Сүйінбай». Арнайы жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сөздің пірі – Сүйінбай». Арнайы жоба

14.02.2016
«Сөздің пірі – Сүйінбай». Арнайы жоба

ХIХ ғасырда Жетісу өлкесінің тарихында өзіндік өшпес із қалдырған белгілі қо­ғам қайраткері және өз елінің, жерінің қа­мын ойлаған ірі тұлғаның бірі – Сүйінбай Арон­ұлы.

Өз заманында Сүйінбай Жетісу жұртына дарынды ақын, жыршы ретінде ғана белгілі болып қоймады, сондай-ақ, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын және заң жоралғыларын жетік білетін қуатты би ретінде де танылды.

Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: «Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің», дейді екен.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:00-де «Сөздің пірі - Сүйінбай» арнайы жобасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу