Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

14.02.2016
Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Сербия астанасы Белградта футзалдан Еуропа чемпионаты аяқталды. Қола жүлде үшін болған ойында Қазақстан Ұлттық құрамасы алаң иелері Сербия командасын 5:2 есебімен жеңді.

Сербия-Қазақстан – 2:5 (0:1)

Голдар: Дуглас 20 (0:1), Жаманқұлов 21 (0:2), Дуглас 30 (0:3), Игита 32 (0:5), Дуглас 34 (0:5), Ракич 38 (1:5), Райчевич 40 (2:5).

Қазақстан: Игита, Шамро — Лео, Дуглас, Довгань, Сүлейменов (к), Есенаманов, Першин, Кнауб, Гребонос, Жаманқұлов, Пенгрин, Таку, Нұрғожин.

Сербия: Аксентиевич, Момчилович — Перич (к), Яньич, Коцич, Райчевич, Живанович, Лазич, Симич, Ракич, Радованович, Милоевич, Пршич.

Төрешілер: Лемаль (Бельгия), Четин (Турция).

Айта кетейік, Испания құрамасы финалда Ресей командасын 7:3 есебімен ұтып, 2016 жылдың Еуропа чемпионы атанды. 

Хабарламаларға жазылу