«Күрең беретке» кім лайықты? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күрең беретке» кім лайықты?

14.02.2016
«Күрең беретке» кім лайықты?

«Генерал болуды армандамайтын сарбаз жоқ». Әскери өмірдің мәнін ұққан сарбаздардың «күрең берет» бас киімін киюді де мақсат тұтатындары бар. Ең мықты, бiлектi һәм жүректi сарбаздар күрең берет бас киiмi үшiн сынға түседі.

«Күрең берет» бас киімін киюді әрі «Бүркіт» кеуде белгісін тағу құқығына ие болу үшін жанқиярлық ерлік керек. Құрыштай шыныққан әскерлердің өзі мұндай сынаққа ойланып барады.  

Еліміздің әр өңірінде арнайы жасақтар бар. Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, мемлекет қауіпсіздігі мен ел азаматтарының өміріне қатер төндіретін қылмыстарға қарсы жедел әрекет ету осы бөлімше жауынгерлерінің басты міндеті. 

Күрең берет үшін күрестің аса қиын болатын себебі осы. Бүгін «Ақсауыт» әскери-патриоттық бағдарламасы «Күрең берет-2015» сайысының жалғасын көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу