«Бірге таңдаймыз!» бағдарламасының тұрақты аспазы Нұржамал Ерубайқызы жаңа сойылған жас малдың етінен сірне дайындау тәсілін көрсетеді.
Сірне - қаназдық пен көзі нашар көретіндер үшін таптырмас ем. Ұлттық тағамның бұл түрін кей өңірлерде тасқуырдақ десе, кей аймақтарда сырбаз деп те атайды. Көбінесе сыйлы қонақтарға арналып әзірленеді.
Ерекшелігі: малдың өз іш майына және еттің сөліне бұқтырылып пісіріледі.