Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет «Алтын шаңырақ» байқауы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет «Алтын шаңырақ» байқауы жарияланды

12.02.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет «Алтын шаңырақ» байқауы жарияланды

Облыста тұңғыш рет ұйымдастырылып жатқан байқау отбасылық құндылықтарды дамыту, қазақстандық отбасының мәртебесін одан әрі көтеру, имиджін насихаттау, ата-ананың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, үлгілі отбасылардың өмірлік тәжірибелерін жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өтпек.

Байқауға барлық аудан, қалаларда іріктеуден өткен 50 жылдан жоғары отандасқан ерлі-зайыптылар, өнегелі ұрпақ өсірген, әр салада жемісті еңбек еткен бір үлгілі отбасы қатысады. Іріктеуден өткен отбасылардың шаңырағында осы әулеттен тараған барлық мүшелерінің қатысуымен түсірілген арнайы бейнефильмде отбасы және ұрпақтарының еңбектері, яғни, ғылым мен спорттағы, сондай-ақ, өнердегі жетістіктері көрсетіледі.

Айта кетейік, байқауға қатысушылардың ұлтына шек қойылмайды. Байқау ақпан айының 15-29 күндері аралығында аудан, қалаларда өтіп, 4 наурыз күні Шымкенттегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда қорытындыланатын шараға қатысу үшін жергілікті аудан, қалалардағы мәдениет бөлімдеріне хабарласуға болады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу