Ал Қытай инженерлік компаниясы «Zoomlion» американдық «Terex» корпорациясын сатып алу жөніндегі ұсынысын растады, Dalian Wanda мүліктік және инвестициялық фирмасы әйгілі Голливудтың «Legendary Entertainment» компаниясын сатып алатынын жариялады.
Өткен жұмада қытайлық инвесторлар ChemChina's-ның Syngenta компаниясын сатып алуға 48 млн АҚШ доллар ұсыныпты. Экономистер «нағыз сатып алатын кез, дағдарыс уақыты» - дегенді жиі айтады. Қытайлық кәсіпкерлер осы қағиданы мықтап ұстанатын сияқты.
Мысалы, Haier компаниясы GE компаниясының басқармасымен нарығына қол жеткізіп тұр. Syngenta мәмілесінің арқасында ChemChina техногогияларымен қатар өте маңызды зерттеулерге қол жеткізіп отыр. Legendary Entertainment-ті сатып алғанның арқасында Dalian Wanda Қытайдағы өзінің кинотеатрлар желісінде қолданылатын өнімдердің контентін бақылап, басқаруға мүмкіндік алды.
Өткен жылғы дәл осындай Қытай мәмілелерінің саны 607-ге жетіп, 112,5 млрд доллар көлемінде шектелген болатын. Мұның өзі рекордтық көрсеткіш еді. Ал, биылғы жыл басынан бергі көрсеткіштің өзі жаға ұстатарлықтай.
Жалғастырайық, жыл басталмай жатып-ақ, осындай келісімдердің саны 82-ге жетті, қаржылай алсақ, шамамен 73 млрд АҚШ доллары. Бұл көрсеткіштер өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Сілтеме:
Дереккөз: ttp://www.businessinsider.com/china-is-buying-a-lot-of-foreign-companies-2016-2