Астанада 17 км сумен қамтамасыз ету желісі қайта жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 17 км сумен қамтамасыз ету желісі қайта жөнделді

10.02.2016
Астанада 17 км сумен қамтамасыз ету желісі қайта жөнделді

Астана қаласының бір орталықтан сумен қамтамасыз ету жүйесі су көтерудің 1 деңгейлі 2 сорғы станциясы, жалпы қуаты 300 мың м3/тәулік болатын су тазалау блогы, су көтерудің 2 деңгейлі 1 сорғы станциясы, 1199 км сумен қамтамасыз ету желілері, 111 кәріз сорғы станциясы, қуаты 136 мың м3/тәулік болатын кәріз тазалау құрылысынан тұрады.

«2015-2016 жж. жылыту маусымына дайындық аясында 17 км сумен қамтамасыз ету желілері қайта жөндеуден өткізілді. 2015 жылы «Талдыкөл сарқынды су жинақтаушысын жою жобасы» аясында 136 мың м3/тәулік көлемінде тазартылған ағын суды Есілге құю басталды», - деді Қ. Айтмұхаметов.

Бұдан басқа, «Қуаты 200 мың м3/тәулік көлемінде сорап-сүзгі станциясын қайта құру» жобасы аясында құрылғылар толық көлемде жеткізіліп, натрий гипохлоридін өндіру цехын салу жұмыстары басталды.

Айта кетейік, индустриалды парк пен ЖЭО-3 техникалық сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 14 км болатын Тельман кентіндегі сорап станциясынан техникалық су таратқыш пайдалануға берілді.

Хабарламаларға жазылу